бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұлағатты ұстаз” медалінің иесі»: 25 жыл ұстаздық еткен мұғалім артық салмақтан арыламын деп ажал құшты

«Ұлағатты ұстаз” медалінің иесі»: 25 жыл ұстаздық еткен мұғалім артық салмақтан арыламын деп ажал құшты
коллаж jambylinfo.kz.
47 жасар әйел іштегі майды алдырту үшін ота жасатқан

Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп көз жұмды. Оның артында екі баласы мен жары қалған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына жазған, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.    

Журналистің жазуынша, марқұм таңдаған клиникамен ұзақ уақыт үздіксіз кеңесіп отырған.

 «AMIRA» клиникасында ота жасатқан марқұм 25 жыл мектепте жұмыс істеген. Ол “Ұлағатты ұстаз” деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Тіпті отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлаған. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Марқұмның артында 2 баласы, жары қалды»,-деп жазды ол.  

Ал пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін марқұмға ескертпегендерін мойындап отырған көрінеді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар