жұма, 22 қараша, 2024 4:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Келінді қайтем?!» Таразда креатив «апашкалар» келін керек етпейді

«Келінді қайтем?!» Таразда креатив «апашкалар» келін керек етпейді
jambylinfo.kz.
Замануи әжелер замандастарына келіннің қолына қарамауға кеңес берді

Алпысты алқымдап, жетпіске жетсе де гүлдей жайнап жүрген қос әже Jambylinfo.kz. тілшісіне  сұхбат беріп, әдемі қартаюдың сырын айтты. 

Олар қарттықтың басы - жамандық ойлау мен өкпе мен реніштен басталады дейді. Ал өмірдің мәні еркіндікте екеніне еш күмән келтірмеді.

Біздің «Отбасының берекесі неде? Ене мен келіннің қарым-қатынасы қандай болу керек?» деген сұрағымызға олар былай деп жауап берді.

 –  Отбасының берекесі әркім өз жұмысын білуінде. Ал келін мен ене тақырыбына келетін болсақ, мен келіннің қолына қараған адам емеспін. Жұмсағым келмейді,  бөлек тұрамын. Үй тазалайтын шаңсорғышым, ыдыс аяқ жуатын аппаратым, кір жуатын машинам бар, келінді қайтем?! Келін ол менің сырласым, ол менің құрбым. Келін екеуміз уақытымызды үй жинап, шай құйып емес, жаман-жақсыны таразылап, әңгіме-дүкен құрып өткіземіз. Ал менің осындай еркін ойлау деңгейіне жетуіме бірден бір себеп ол білім көзі. Әлі күнге дейін ізденіп, оқып, білуге құштармын. Ал білім кез келген биікті бағындыруға ықпал етеді. Осы орайда зейнетке шықсам да репетиторлықпен айналысамын. Ал білім мен табыс бар жерде адам өлмейді, – деді Гүлнәр апай.

Ал өмірдің әр күнін әсемдей білетін қос әже кафеден кофе ішіп, күнделікті бассейнге барып, шет елде жиі қыдырады екен.

 

 

 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар