бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 23:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуро-2024: Испания мен Англия финалда кездеседі

Еуро-2024: Испания мен Англия финалда кездеседі
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Финалдық матч 14 шілдеде өтеді

Еуропа Чемпионатының жартылай финалында Нидерланд пен Англия құрамалары кездесіп, ойын нәтижесінде Тұманды Альбион елінің футболшылары қарсылас команданы 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бірінші таймда қос команда бір-бірінің қақпасына бір-бір голдан соғып, есеп теңде-теңде болған.

Алайда матчтың 90+1 минутында Англия құрамасы жеңіс голын соғып, Нидерланд командасын қапыда қалдырды. 

Осылайша англиялық аяқдоп шеберлері қатарынан екінші рет Еуропа Чемпионатының финалына шығып отыр. 

Ал Еуро -2024  футбол додадасының қола жүлдесі Франция мен Нидерланд құрамаларына бұйырды.  

Міне, бір айға созылған Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетуге аз қалды. 

Еске салайық, Испания мен Англия арасындағы финалдық матч Берлинде 14 шілдеде «Олимпиаштадион» аренасында өтеді. Бұл шешуші матчқа УЕФА арқылы сатылатын билеттердің бағасы 95-тен 2000 долларға дейін өзгереді деп күтіліп отыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар