жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, қаза тапты

Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, қаза тапты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қайғылы оқиға жекеменшік балабақшада болған

24.kz телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше Атырау қаласының іргесіндегі Құрсай ауылындағы жекеменшік балабақшасында орын алған, деп жазады Jambylinfo.kz. 

Бүлдіршіндер күндізгі серуен кезінде аулада ойнаған. Ойын кезінде балалардың бірі кәріздің қақпағын басқанда, ол сынып кеткен. Салдарынан бала кәріз құдығына құлап, мерт болған. 

Қазір аталған оқиға бойынша тексеріс басталған. 

"Қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 4 жастағы сәбидің кәріз құдығына құлап қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", деп жауап берген №1 қалалық полиция бөлімшесінің басшысы Руслан Бәйтенов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар