дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 9:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Танымал боксшы Сәкен Бибосынов жуалылықтармен жүздесті

Танымал боксшы Сәкен Бибосынов жуалылықтармен жүздесті
Видеодан скрин жасалды
Олимпиада жүлдегері жастарды спортпен тұрақты айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және алға биік мақсаттар қоюға шақырды.

Жуалы ауданына қарасты қарасты Бақалы ауылында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ел мақтанышы, танымал боксшы Сәкен Бибосыновтың жастармен еркін форматтағы тағылымды кездесуі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуге ауылдың зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, жастар мен мектеп оқушылары қатысып, чемпионмен ашық әрі шынайы әңгіме өрбітті. Шара барысында Сәкен Бибосынов спорттағы жүріп өткен жолы, халықаралық ареналардағы тәжірибесі, жеңіс пен жеңіліктің мәні, тәртіп пен табандылықтың адам өміріндегі маңызы туралы әсерлі ойларымен бөлісті.

Олимпиада жүлдегері жастарды спортпен тұрақты айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және алға биік мақсаттар қоюға шақырды.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі шынайы жауап беріп, өз өмірінен мысалдар келтіре отырып, мотивациялық кеңестерін ұсынды.

Кездесу қатысушыларға ерекше рухани әсер қалдырып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырды.

Шара соңында Сәкен Исмадиярұлы өскелең ұрпақты қолдау мақсатында ауылдағы спорт мектебіне бокспен жаттығуға арналған қол грушасын сыйға тартты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар