дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 11:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нипах вирусы: Үндістанда емі жоқ қауіпті инфекция таралуда

Нипах вирусы: Үндістанда емі жоқ қауіпті инфекция таралуда
istockphoto.com
Жергілікті билік індетті бақылауға алғанын хабарлағанымен, мамандар инфекцияның әрі қарай тарау ықтималдығын жоғары деп отыр.

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында аса қауіпті Нипах вирусын жұқтырудың бес дерегі тіркелді. Соның үшеуі соңғы апта ішінде анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Билік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдегенімен, індеттің кеңінен таралу қаупі жоғары деп бағалануда.

Ауру жұқтырғандар қатарында дәрігер, медбике және медициналық мекеменің бір қызметкері бар. Бұдан бөлек, Калькутта қаласына жақын орналасқан жекеменшік ауруханада еңбек ететін тағы екі медбикеден Нипах вирусы анықталған.

Дәрігерлердің хабарлауынша, аталған екі науқаста дене қызуының көтерілуі мен тыныс алу жүйесінің бұзылуы байқалған. Қазіргі таңда олар оқшауланып, қатаң медициналық бақылауға алынған.

Денсаулық сақтау органдары ауру ошағында эпидемиологиялық қадағалау шараларын күшейтіп, науқастармен байланыста болған азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Медициналық мекемелерде қосымша қауіпсіздік талаптары енгізіліп, қызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану тапсырылған.

Мамандардың айтуынша, Нипах вирусы – емі әзірге табылмаған, өлім-жітімі жоғары қауіпті инфекция. Ол негізінен жеміс жарқанаттары арқылы таралады, сондай-ақ адамнан адамға жұғу қаупі бар. Ауру белгілеріне қызба, бас ауруы, әлсіздік, тыныстың тарылуы, ал ауыр жағдайда ми қабынуы (энцефалит) жатады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар