жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асып келеді

«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асып келеді
ашық дереккөзі
«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асып келеді

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады. «Таразға тарту» жобасы аясында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді.

 width=

Облыс әкімі алдымен шекара маңына қарай оңтүстік айналма автомобиль жолының құрылысымен танысты. Жобаның бас мердігері – «Казахдорстрой» ЖШС директорының орынбасары Майра Молдабаева қалған жұмыстар 1 айдың ішінде аяқталып, жолды маусым аяғында пайдалануға беретіндерін айтты.

Бердібек Сапарбаев құрылыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы басты назарда болу керектігін баса айтты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асып жатқан «Таразға – тарту» жобасы аясында облыс орталығындағы саябақтар мен скверлер абаттандырылуда. Игі жұмыстар бюджет қаражатынан тыс, демеушілер тарапынан жүзеге асуда. Ал, бақылау салалық басқармалар мен аудан әкімдіктеріне жүктелген.

Мәселен, қаладағы әл-Фараби көшесінің бойындағы №25,26, 27 көпқабатты тұрғын үйлердің артындағы скверді абаттандыруға еңбек инспекциясы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары жауапты. Аумақ толығымен тазалаудан өтіп, көгалдандырылуда. Сондай-ақ, өрнектастар төселініп, орындықтар орнатылып, балаларға арналған ойын және «Стрит Воркаут» спорттық алаңшалары салынбақ. Еңбек иснпекциясының басшысы Қайрат Досаев барлық жұмыстардың  бір айда аяқталатына сендірді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Таразда «Қаламгерлер алеясын» салу бойынша жоспарлы жұмыстардың жобасымен танысып, оған қаланың орталық бөлігінен лайық орынды тауып, әзірлеу үшін қала әкімі Ержан Жылқыбаевқа нақты тапсырма жүктеді. Шығармашылық адамдарына арналған аллеяның атына заты сай болуын, мазмұны мен көркі де соған лайық болу керектігін баса айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысы танысқан келесі нысан – Шостакович көшесі бойындағы «Қарасу» каналы жағалауын абаттандыру нысаны болды. Ол жер «Денсаулық» паркі ретінде жасақталып, тұрғындар игілігіне берілетін болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиесілі бұл аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың көлемі ауқымды. Мұндағы маңызды нысандардың бірі – «Өз денсаулығың – өз қолыңда» стеласы. Басқарма басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, бойшаң  стелада алақандағы жүрек бейнесі көрініс таппақ. Сонымен қатар, мұнда канал жағалауы толығымен қамыстан тазаланып, туя, қарағай көшеттері отырғызылуда. 724 шаршы метрге жол жабындысы төселіп, воркаут, тенис, баскетбол, футбол алаңшалары салынатын болады. Жарықтандыру шамдары, орындықтар және қоқыс жәшіктерімен қамтылады. Жалпы, «Денсаулық» паркі алдағы уақытта тараздықтарға, әсіресе, соған жақын маңдағы барлық жастағы тұрғындардың тынығуына арналған жайлы орындардың біріне айналады деп күтілуде.

Бердібек Сапарбаев облыстық және қалалық маслихат депутаттарына тиесілі Абай даңғылының бойындағы «Қуаныш» тұрмыстық үйіне қарама-қарсы сквердің құрылысын да барлады.

Шаһар шырайын арттыру бағытындағы бұл жұмыстар – тұрғындар игілігіне негізделген.  Абаттандыруға жауапты басқармалар мен аудан басшылары айналаны таза ұстауға үндейді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар