жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«COVID-19» спектаклі қойылды

«COVID-19» спектаклі қойылды
ашық дереккөзі
«COVID-19» спектаклі қойылды
Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы өтті. «Астана мюзикл» театры әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хорео­графиялық қойылымды елорда жұртшылығы тегін тамашалады.  
Сахна өнері арқылы ка­рантиндік, сақтық шаралары мен вакцинаның ма­ңыздылығына халықтың на­зарын аударуды мақсат еткен спектакль  толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. Әри­не басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құ­былысы. Театр әртістері бұл қойылым арқылы өмірдің бас­ты құндылықтарын, карантин кезіндегі адамдардың ішкі ой-толғанысын, пандемияда адамзаттың басына түскен қиындықтарды жеткізуге тырысты. «Әлем болып күресіп жатқан коронавирус дертінің адамзат өміріне алып келген өзгерісі баршамызға айтпай-ақ түсінікті. Вирустың тарау салдарынан қаншама адам өмірден озды. Аурудан қорғану мақсатында бұрын болмаған карантиндік шектеулер енгізілді, сондай-ақ вакцина алу да маңызды болып отыр. «COVID-19» қойылымын өткен жылдың тамыз айында қолға алып, биыл ақпан айында театрымызда алғаш рет көпшілікке ұсындық. Қойылымның мән-мазмұны мен тарихы тікелей өмірден алынған және бұл – біздің ұжымның дебюттік шығарылымы. Бүгінгі қа­тысушылар әртістер ғана емес, сонымен қатар осы қойы­лымның авторлары бо­лып саналады. Тағы бір ай­тып өтетін жайт, бүгін біз қойылымның үзіндісін (15-20 минут) ғана ұсынып отырмыз, ал толықтай көрермен театрымыздан келіп көре алады», деді театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин. Естеріңізге сала кетейік, елімізде алғаш болып пандемия тақырыбын көтерген қойылымның режиссер-хореографы – Astana Musical театрының әртісі Әнел Мыр­зағұлова, ал қойылым музыкасын театр әртісі Ақжол Өмірзақов жазған. Іс-шара қалалық әкім­діктің қолдауымен барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Қо­йы­лымға қатысқан барлық әнші ПТР-тесттен өткен. Әлеуметтік маңызға ие шығармашылық қойы­лым­­ның толық нұсқасын астаналықтар 21-22 мамыр күндері Qazagstan орталық концерт залында тамашалай алады.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар