дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 23:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының 2020 жылғы 21 тамыздағы №178-Ж/Қ бұйрығымен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы лауазымына Саясат Есеев тағайындалды.

Есеев Саясат Керімбекұлы 1982 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – информатик.

Еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2004  жылы – Жамбыл ауданы әкімдігі білім басқармасының қорғанышы және қамқоршы кеңесінің маманы, 2005 жылы – Жамбыл ауданы әкімінің білім басқармасының әдістеме кабинетінің әдіскері, 2007 жылы –Жамбыл облысы әкімияты білім департаментінің «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы негізінде облыстык үйлестірушісі, 2009 жылы – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Білім берудің біріңғай ақпараттық жүйесі орталығы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорынын орынбасары. 2015 жылы – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2017 жылы – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  орта білім бөлімінің бас маманы, 2018 жылы – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құлан агротехникалык жоғары колледжінің директоры қызметін атқарған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар