дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Серік Сәпиев дектреттік демалысқа шықты

Серік Сәпиев дектреттік демалысқа шықты
ашық дереккөзі
Серік Сәпиев дектреттік демалысқа шықты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді.

Спорт комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққан ал оның ұсталғаны туралы алып-қашпа әңгімелер – жалған.

«Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», – деді комитеттің баспасөз қызметінен.

Бұл ретте, әлеуметтік желіде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонақүйі қонақтарын өзінің шеберлік сабағына шақырған видеосы тарады.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар