Жамбылда жаңа оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта өтеді - Е. Жылқыбаев
- авторjambylinfo.kz
- 21 тамыз, 2020
- 384
Дәл қазір Жамбыл облысы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен тікелей эфир басталды. Онда Ержан Жұматұлы жаңа оқу жылына дайындық барысы және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы туралы баяндап, жолданған сұрақтарға жауап бермек.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, облыста жаңа оқу жылында 234 715 оқушыны қамтитын 442 мектеп жұмысын бастайды. Биылғы жылы 11 сыныпты 9,2 мың түлек бітірді. Бірінші сыныпқа 26,4 мың оқушы келеді деп күтілуде.
– Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта өтеді.
Жалпы орта білім беру мекемелерінде оқушылар үшін қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқытылады. Ал, алыс ауылдарда орналасқан шағын мектептерде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.
Барлық мектептер мен елдімекендердегі мектептерге талдау жүргізіп, нәтижесінде 275 мектепте 215,4 мың оқушы қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы, шалғай ауылдарда орналасқан шағын жинақталған мектептер мен оқушы саны 100-ден төмен 167 мектепте 19,3 мың оқушы дәстүрлі түрде оқиды деп жоспарлануда.
Қашықтықтан оқитын мектептер «Дарын Онлайн» білім беру платформасын пайдаланатын болады.
Жұмыс істейтін, үйінде балаларын онлайн режимінде оқыта алмайтын ата-аналар үшін «кезекші 1-4 сыныптар» ашу мүмкіндіктері қарастырылуда. «Кезекші сыныптар» ата-аналардың өтініштері негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болады. Оқушылар 2-3 ауысымда оқиды, үзіліс уақыттары қатаң тәртіппен реттеледі, – деді Е. Жылқыбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз