жұма, 11 қазан, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласында «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды

Тараз қаласында «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды
Жамбыл облысы әкімдігінің сайтынан
Өндіріс орны жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы

Тараз қаласында «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және қолдауымен өңірде осы бағытта бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Бүгінде Тараз қаласында құны 35 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде.
Сонымен қатар құны 48 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде.

Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған «Алель Агро» акционерлік қоғамының облыстық филиалы өңірде кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастауда.

Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы өндіріс орны 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал өнімдерді негізгі өткізу көздері – «Алель Агро» АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар