сәрсенбі, 11 желтоқсан, 2024 23:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді мектептерде стоматология кабинеттері болады

Енді мектептерде стоматология кабинеттері болады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Келер жылдан бастап еліміздің мектептерінде стоматология кабинеттері ашылады

Келер жылдан бастап еліміздің ірі деген мектептерінде стоматология кабинеттері ашылатын болды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарласады деп жазады, Jambylinfo.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ҚР Оқу-ағарту министрінің шақыруымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кездесті.

Кездесу барысында  екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері сөз болған.

«Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – білім беру процесінің әрбір қатысушысының алдында тұрған бірінші кезектегі маңызды міндет. Біз сауықтыру-педагогикалық бағытқа баса назар аудара отырып, «салауатты өмір салтын» ұстануымыз керек және сапалы тамақтануды ұйымдастыру керек. Әрбір мүдделі тараптың, әсіресе, кәсіпкерлердің өз жауапкершілігін сезінуі маңызды. Тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, санитарлық, гигиеналық талаптардың сақталуына, дұрыс тамақтануды насихаттауға көңіл бөлінуі керек. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс бұл мақсаттарды жүзеге асыруда негізгі рөлге ие», - деді Ғани Бейсенбаев

Сонымен қатар министр санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен кейбір нормативті-құқықтық актілерді қайта қарау мәселесіне тоқталды. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен балалардың денсаулығын нығайту бойынша бірлескен жоба аясында келесі жылдан бастап ірі мектептерде стоматология кабинеттері ашылады.

Сондай-ақ №95 мектеп-лицейі мен №84 «Кәусар» бөбекжай-балабақшасында және Астана қалалық мамандандырылған балалар үйінде болды. Кездесу соңында елордалық мектеп педагогтері Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға балалардың әл-ауқаты мәселесіне қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар