Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Шымкент қаласында 1100-ден астам білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 290 мектеп бар. Бұл оқу орындарында 271 мың оқушы білім алып, оларға 32 мың мұғалім сабақ береді.
Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау.