Жамбыл жаңалықтар
Тараз автовокзалы аумағында түркістандықтан 6,6 келі есірткі табылды
- авторjambylinfo.kz
- 24 мамыр, 2021
- 149
Тараз автовокзалы аумағында түркістандықтан 6,6 келі есірткі табылды
Жамбыл облысында түркістандықтан 6,5 келіден астам есірткі заты тәркіленді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының автобекеті аумағында Түркістан облысының 55 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda көлігін тоқтатты.
Аталған көліктің салонынан полиэтилен пакетке салынған жалпы салмағы 6 келі 655 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. «Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала