жұма, 17 мамыр, 2024 11:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда 40-тан астам субұрқақ іске қосылды

Таразда 40-тан астам субұрқақ іске қосылды
Фото - ашық дереккөзден
Жалпы қалада 21 мекенжайда 49 субұрқақ бар

Таразда 40-тан астам субұрқақ іске қосылды. Субұрқақтарды іске қосу салтанатты шарасына қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил арнайы қатысты, деп жазады Jambylinfo.kz

Жалпы қалада 21 мекенжайда 49 субұрқақ бар. Субұрқақтарға қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы "Киелі Мекен" ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

Бүгін Желтоқсан, облыс әкімдігі, Достық, Жастар аллеясы, Сарайшық, Тұңғыш Президент саябағы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ, Арбат 2, Студенттер үйі және «Жеңіс» саябағында субұрқақтары іске қосылып, қаланың әсем бейнесіне тағы да көрік сыйлады. Айта кетейік, іске қосылған субұрқақтарға техникалық жөндеу жасалды. Сонымен қатар алдағы уақытта субұрқақтарды жаңғырту жұмыстары жалғасады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар