Елімізде
Төтенше жағдай бойынша жалған ақпарат таратқан тұлға айыппұл арқалады
- авторjambylinfo.kz
- 1 мамыр, 2024
- 663
Ол 20 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жаза алды
Маңғыстау облысының тұрғыны WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат таратқан. Нәтижесінде оған 73 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
- А. есімді тұлға 14.04.2024 жылы сағат 13:30 шамасында өзінің ұялы телефонымен «ВАЦАП» желісі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алып жатқан жайт бойынша жалған, нақты емес ақпарат таратқан. Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген,-делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024