Таразда алғаш рет «kazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форумы өтіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 19 наурыз, 2024
- 740
"KazАgroZhambyl-2024" Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі 2024 жылғы 19-21 наурыз аралығында «Көне Тараз» кешенінде өтеді. Шара аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің үшінші кеңесі өтеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«KazАgroZhambyl-2024» форум-көрмесі ауыл шаруашылығындағы соңғы үрдістер мен инновацияларды талқылау үшін саланың жетекші сарапшылары мен өкілдерін жинайды. Іскерлік бағдарлама тұқым шаруашылығындағы Конгресті қамтиды, онда Түрік тұқым өсірушілер қауымдастығы TÜRKTOB және ECOSA Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұқым шаруашылығы қауымдастықтары 70-тен астам халықаралық сарапшыларды қатысады. Сарапшылар Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларында тұқым шаруашылығының, өндірісті ұлғайтудың және өнімділікті арттырудың өзекті тақырыптарын талқылайды.
Ұйымдастырушылар «KazАgroZhambyl-2024» форум-көрмесі Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін ең ауқымды іс-шара болатынын атап өтті.
«Тараз қаласы кездейсоқ таңдалмады, өйткені дәл осы жерде түркі халықтарын біріктіретін Ұлы Жібек жолы өтті. Сондай-ақ, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығындағы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Облыс елге барлық пияздың 2/3 бөлігін және сарымсақтың 50%-дан астамын жеткізеді, ал ұсақ мал басы бойынша ел бойынша екінші орында», - деді «Expogroup»халықаралық көрме компаниясының басшысы Шолпан Қожабаева.
Айта кетейік форум Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігінің қолдауымен өтеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз