Таразда алғаш рет «kazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форумы басталды
- авторjambylinfo.kz
- 19 наурыз, 2024
- 642
«KazАgroZhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі 2024 жылғы 19-21 наурыз аралығында «Көне Тараз» кешенінде өтеді. Шара аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің үшінші кеңесі өтеді.
«KazАgroZhambyl-2024» форум-көрмесі ауыл шаруашылығындағы соңғы үрдістер мен инновацияларды талқылау үшін саланың жетекші сарапшылары мен өкілдерін жинайды. Іскерлік бағдарлама тұқым шаруашылығындағы Конгресті қамтиды, онда Түрік тұқым өсірушілер қауымдастығы TÜRKTOB және ECOSA Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұқым шаруашылығы қауымдастықтары 70-тен астам халықаралық сарапшыларды қатысады. Сарапшылар Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларында тұқым шаруашылығының, өндірісті ұлғайтудың және өнімділікті арттырудың өзекті тақырыптарын талқылайды.
Ұйымдастырушылар «KazАgroZhambyl-2024» форум-көрмесі Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін ең ауқымды іс-шара болатынын атап өтті.
«Тараз қаласы кездейсоқ таңдалмады, өйткені дәл осы жерде түркі халықтарын біріктіретін Ұлы Жібек жолы өтті. Сондай-ақ, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығындағы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Облыс елге барлық пияздың 2/3 бөлігін және сарымсақтың 50%-дан астамын жеткізеді, ал ұсақ мал басы бойынша ел бойынша екінші орында», - деді «Expogroup»халықаралық көрме компаниясының басшысы Шолпан Қожабаева.
Айта кетейік форум Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Мемлекет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп саласын дамытуды тапсырған еді.
«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет», - деген еді Президент.
Жақсыбек Алина
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024