Жамбыл жаңалықтар
Таразда қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салынады
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 қазан, 2025
- 344
Бұл бағытта Таразда 3 зауыт салынбақ.
Тараздағы қалалық «Жастар ресурстық орталығы» жыл басынан бері 200-ден астам тазалық акциясын өткізді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы шара қала құрамына қосылған жаңа аудандарда жалғаспақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Осы орайда эко белсенділермен кездесу өтті. Табиғат жанашырлары жастарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. «Байтақ» партиясының мүшелері еліміздегі экологиялық саясат табиғатты қорғау бағытында жолға қойылғанын атап өтті.
Жалпы, бүгінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау өте маңызды. Өйткені жыл сайын қаладан 20 мың тонна тұрмыстық қалдық шығады. Ал полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






