Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады
- авторjambylinfo.kz
- 14 маусым, 2024
- 772
Көктемгі су тасқынынан кейін елімізде гидролог маман даярлау мәселесі күн тәртібіне шықты. Осыған орай Үкімет Қаулысына сәйкес Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылатын болды. Қаулыға Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкімет бұл проблеманы шешу үшін Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін таңдап отыр. Нақтырақ айтқанда, Тараз өңірлік университетін екіге бөлу туралы қаулы әзірленді.
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ТарУ» КеАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚазҰСШИУ» КеАҚ) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын», - деп жазылған Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, қаулыда жаңа Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті қашан ашылатыны туралы жазылмаған.Құжат 24 маусымға дейін халық талқысына шығарылған.
Әлия Жанәбіл
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024