сенбі, 5 қазан, 2024 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық Асу Алмабаев UFC-де тағы да жеңіске жетті

Жамбылдық Асу Алмабаев UFC-де тағы да жеңіске жетті
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Бұл спортшының UFC-дегі үшінші жеңісі

Қазақстанның спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс, жерлесіміз Асу Алмабаев UFC турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізді,деп хабарлайды jambylinfo.kz.  

Кеше жерлесіміз АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінде америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесіп, төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жеткен.

Жекпе-жектен кейін Асу Алмабаев әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, оның астына «Біз биікке көтеріліп жатырмыз!», деген жазба қалдырған. 
Ал спортшының жанүйерлері оны құттықтап, алдағы жекпе-жпектеріне де сәттілік тілеген.

Еске салайық, бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі үшінші, ал MMA-дағы жиырмасыншы жеңісі болып отыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар