сенбі, 23 қараша, 2024 1:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда баласы 18 күн мектепке бармаған ата-анаға 55 мың теңге айыппұл салынған

Таразда баласы 18 күн мектепке бармаған ата-анаға 55 мың теңге айыппұл салынған
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл туралы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлап отыр

Тараз қаласында ұлы себепсізден себепсіз 18 күн бойы сабаққа бармаған ата-анаға 55 мың теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Неке және отбасы туралы" кодекстің 70 бабына сәйкес ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге және баланың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Сотта азаматша ұлы сабаққа барғысы келмейтінін, мектепте сыныптастарымен жанжалдасып қалғанын айтқан. Алайда, учаскелік инспектор мектепте кәмелетке толмаған бала мен басқа оқушылар арасында жанжал анықталмағанын көрсетті. Бала бұған дейін де мектепке себепсіз бармағаны анықталып отыр», - деп хабарлады сот.

Белгілі болғандай, ұлын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін бұл азаматша бұрын да әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

 «Сот қаулысымен азаматша С. әкімшілік кодекстің 127 бабы 2 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады сот.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар