дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 21:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда "БМВ 525" көлігін тізгіндеген жас жігіт 35 жастағы әйелді қағып өлтірді

Таразда "БМВ 525" көлігін тізгіндеген жас жігіт 35 жастағы әйелді қағып өлтірді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Оқиға бүгін таңғы сағат 04:30-да болған

Бүгін, 30 сәуірде сағат 04:30-да 23 жастағы жігіт басқарған "БМВ 525" маркалы автомашинасы Шостакович көшесімен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жол апаты 9 және 10 шағын ауданынlдағы "Неке  және отбасы" медициналық орталығына қарама-қарсы аумақта орын алған. Көлік руліндегі 23 жастағы жігіт  35 жастағы жаяу жүргіншіні кағып кетті. Дене жарақатын алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Әзірге көлік тізгінінде болған жігіттің қандай хәлде болғаны белгісіз. Бұл туралы полицейлер ақпарат бермеді. Анығы, тұрғынды басып кеткен көлік тұраққа қойылды. 

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды",- деді Тараз қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар