сәрсенбі, 9 қазан, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Көне кәсіпті жаңғыртуға қолдау қажет". Кілем тоқитын жігіт көпшілікті таң қалдырып жүр

"Көне кәсіпті жаңғыртуға қолдау қажет". Кілем тоқитын жігіт көпшілікті таң қалдырып жүр
Сурет дереккөзі: instagram.com
Жамбыл облысында тұратын 38 жастағы Әлімжан Әлханның туындылары сұранысқа ие

Кілем тоқу көне кәсіп болып көрінуі мүмкін. Алайда оны заман талабына сай лайықтап жандандырған жандар бар. Соның бірі – жамбылдық шебер Әлімжан Әлхан,-деп хабарлады jambylinfo.kz.

Әлімжан Алханның негізгі мамандығы - заңгер. Бірақ 38 жастағы азамат әлеуметтік желіде тафтинг жанрындағы кілемшелерді көріп қатты қызығыпты. Арнайы мамандардан сабақ алып, ерекше кәсіпті қолға алған. Жамбыл ауданы Бектөбе ауылынының тұрғыны  тоқыма машиналарын зерттей келе, бизнес жоспарын құрып, жергілікті билікке ұсынған. Бизнес жобасы қолдау тауып, 1 миллион 380 мың теңге қайтарымсыз грант алған. 

Оның қолынан шыққан шедевр дүниелерді құдды картина дерсің. Көздің жауын алады. Еңбегінің ерекшелігі - тафтинг әдісін қолдануы. Тафтингті кілемнің не екенін көбіміз біле бермейміз. Алайда оның шығу тарихы ХVІІ ғасырда жатыр. Дара емес, бума жіппен тоқығанда суреттегідей әдемі дүние шығады. 

"Қазір тек тапсырыс бойынша жұмыс істеп жатырмын. Көп адам сыйлық ретінде алып, жақындарын қуантқысы келеді. Өкінішке қарай әлі де насихаты аз. Егер тапсырыс көбейсе, мемлекеттен тағы да жеңілдетілген ниесие алып, үлкен цех ашатын едім. Тек Жамбыл облысын ғана қамтымай, республикаға шығу ойда бар",-дейді кәсіпкер. 

Шебердің сөзінше, кілемдер көлеміне, жұмыстың күрделілігіне қарай әрі кеткенде бір аптада дайын болады. Кілемдердің бағасы көлеміне қарай 20 мың теңдеген басталып, 300 мың теңгеге дейін барады екен.

«Әжелерімізден, апаларымыздан кілем тоқу әдістерін көретін едік. Қазір сол тоқыма өнерінен біздің халық алшақтап бара жатыр. Бүкіл қазақтың салт-дәртүрін, оюларын көрсетіп, ою өрнектерімен кілемдер әзірлеп, жүзеге асырып жатқан іс-әрекетіммен тоқыма өнерін жандандырып, қайтадан халыққа паш еткім келеді», дейді ол.

Жас кәсіпкер бұл істі әрі қарай дөңгелету үшін биліктен де, қоғамнан да қолдау болса деп тілейді. Осы орайда, жергілікті «Мансап» орталығының басшысы Асқар Жанқоразов жаңаша бизнес түрлеріне  «Ауыл аманаты» бойынша 2,5 пайызбен несие алу мүмкіндігі барын алға тартып отыр. 

«Ауыл аманаты» бойынша 2,5 пайызбен несие берілейін деп жатыр. Бұл азаматтың да бизнесін ұсынуға болады. Ол ауыл әкімшілігімен СПК арқылы беріледі. 9 миллионның төңірегі деп айтып жатыр. Бұл несиенің көбі басым бөлігін жаңа бизнес түрлеріне беріледі деп күтіп отырмыз", - дейді Жамбыл аудандық «Мансап» орталығының бөлім басшысы.

Әлімжан бұл бизнесті отбасылық кәсіпке айналдырды. Балалары жіп иірсе, жұбайы кілем шетін көктеуге жәрдемдеседі. Енді отбасы бұл кәсіпті одан ары дамытқысы келеді.

 Садуакас Нұрзифа Керімбай атындағы №12 мектеп -гимназия оқушысы

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар