Жамбыл жаңалықтар
Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 95 дана сим-карта тәркіленді
- авторjambylinfo.kz
- 12 қараша, 2021
- 253
Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 95 дана сим-карта тәркіленді
Бұл жолы «тосын сый» аяқ киімге арналған «KIVI» маркалы кремінің құтысының ішіне жасырылған. ЖД-158/7 мекемесінің және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесінде жазасын өтеушінің біріне келген сәлем-сауқаттан «Билайн» операторының - 46, «Алтел» операторының - 12, «Теле - 2» операторының - 26 және «Актив» операторына тиесілі 11 сим-карта табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда заңды бұзған 37 жастағы шымкенттік азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481 бабының 1тармағы бойынша жауапқа тартылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз