Жамбыл жаңалықтар
Таразда көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2024
- 1.0k
Таразда көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды
Тараз қаласы Төле би даңғылының бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат облыстық полиция департаментіне кеше түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.
Марқұм 50 жастағы ер адам болып шықты. Мәйіттен дене жарақаттары мен зорлық белгілері анықталмаған.
«Қазір осы фактіге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды» , - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз






