сенбі, 23 қараша, 2024 21:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы балаларға Ұлттық қордан 50 миллион долларға жуық қаражат аударылды

Жамбыл облысындағы балаларға Ұлттық қордан 50 миллион долларға жуық қаражат аударылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы балаларға Ұлттық қордан 50 миллион долларға жуық қаражат аударылды
Жамбыл облысы бойынша «Ұлттық қорбалаларға» мемлекеттік бағдарламасына қатысатын жастағы 472 426 бала бар. Олар – 2006 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда облыс аумағында дүниеге келген сәбилер.  «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің деректеріне сай, Ұлттық қордан осы балалардың арнайы шотына келіп түскен жалпы қаражат мөлшері 47 млн ​​488 мың 262 АҚШ долларына тең болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Облыс аумағында бағдарламаға қатысқан балалардың 21,5 мыңнан астамы 2024 жылы 18 жасқа толады. Қазірдің өзінде олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған арнайы шоттарына 100 доллар 52 цент түсті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сүйенсек, жалпы облыс бойынша бұл сома 2 миллион 173 мың 846 АҚШ долларын құраған. Кәмелеттік жасқа толған соң, бұл балалар өз қаражатын пайдалана алады. Бұған дейін хабарланғандай, республика бойынша «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына 7 миллионға жуық бала қатысып, оларға өткен жыл бойынша Қазақстан Ұлттық қорынан 100 доллар 52 цент төленген. Естеріңізге салсақ, «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына 2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстан Республикасы азаматтығына ие балалар қатысады. Егер шетелдік бала 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алса, Қазақстан азаматтығын алған сәттен бастап ол да бағдарламаға қатысады. Бағдарламаға қатысу үшін ата-аналарға қойылатын талаптар Баласы бағдарламаға қатыссын деген ата-ананың құжат арқалап ешқайда баруының қажеті жоқ. Дегенмен, «Ұлттық қор - балаларға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша төлем алушылардың тізіміне қосылу үшін қарапайым үш нәрсені орындау керек: - қандай да бір себептермен әлі алып үлгермесеңіз, балаңыздың азаматтығын анықтау мақсатында оның жеке басын куәландыратын құжат пен ЖСН-ді жасатыңыз. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз қажет. - деректемелерді, яғни, сәбидің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, кәмелетке толмаған баланың азаматтығының дұрыстығы жайлы мәліметтерді тексеріңіз. Азаматтық болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон қызметіне хабарласуыңыз қажет. - «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Цифрлық құжаттар» тарауындағы жеке кабинетіңізде балаларыңыз туралы ақпаратты тексеріңіз. Ақпарат жоқ болса, оны онлайн түрде қосуға болады. Ұлттық қордан балаларға арнап бөлінетін қаражат нысаналы талаптар деп аталады. Нысаналы талаптар Қазақстанның Ұлттық қорында сақталады. БЖЗҚ бұл ақшаның әрекетсіз жатпайтынын ескертіп отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаражатты ұлғайту мақсатында түрлі қаржы құралдарына салуды жоспарлауда. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 18 жыл бойынша орташа инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын балалардың шотына түспек. Бұл сома бағдарламаға қатысатын барлық балаларға теңдей бөлінеді. Жылдық төлемдер жөніндегі деректерді қалай тексеруге болады Ата-аналар жылдық есептеулер туралы мәліметтерді электронды үкімет порталындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде тексере алады. БЖЗҚ интернет-ресурсында баланың ЖСН бойынша, оның нысаналы талаптарға қатысушылар санатына енгізілгені жайында ақпаратты тексеруге болады. Бала 18 жасқа толған бойда, БЖЗҚ оның атына автоматты түрде арнайы жинақ шотын ашады. Ұлттық қордан аталған шотқа оның АҚШ долларындағы арнайы жинақтары аударылады. БЖЗҚ-ға түскен ақша одан әрі инвестицияланбайды, яғни сома өзгеріссіз қалады. Қаражат БЖЗҚ-дағы арнайы жинақ шотында АҚШ доллары түрінде 10 жыл бойы сақталады. Арнайы жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады 18 жасқа толған бала өзінің арнайы жинақтарын өз бетінше пайдалана алады. Бұл үшін ол уәкілетті оператордың веб-сайтында төлемдерді алу мақсатында онлайн-өтінім беруі керек. Уәкілетті операторлар ретінде бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ қызмет көрсетеді. Оператор тіркелген өтінімдер туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ арнайы жинақтарды уәкілетті операторда ашылған шотқа аударады немесе себебін көрсете отырып, одан бас тартатыны жайлы хабарлайды. 18 жасқа толған қазақстандықтар қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алу мақсатына жұмсай алады. «Егер төлем алушы кәмелеттік жасқа толған күннен бастап 10 жыл ішінде өзінің арнайы жинақтарын алуға өтініш бермесе, онда бұл қаражат БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы шотына аударылады», - деп хабарлайды БЖЗҚ. Мұнымен қоса, Қазақстаннан басқа мемлекетке қоныс аударған «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысушылар өз атына аударылған қаражатты пайдалану құқығынан айырылады. Нысаналы талаптарға қатысушы немесе арнайы төлемдерді алушы қайтыс болған жағдайда, қаражат заң аясында мұраға қалады. Мұндай жағдайда, мұрагерлер төлемдерді алу үшін қайтыс болған баланың арнайы жинақ шотына қаражат түскеннен кейін мұраны алған адам БЖЗҚ-ға хабарласуы қажет. Балаңыздың қанша ақша алуға құқығы бар екенін қалай білуге ​​болады Ата-аналар мен заңды өкілдер egov.kz және enpf.kz сайттарында баланың арнайы жинақ сомасын тексере алады. Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтында қаражаттың жалпы сомасы көрсетіледі. Әр жыл бойынша түскен төлемдер жайлы егжей-тегжейлі ақпаратты көру үшін egov.kz сайтына өту қажет. Артём Славин
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар