дүйсенбі, 5 қаңтар, 2026 15:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда мерекеге орай спорттық шара өтті

Таразда мерекеге орай спорттық шара өтті
Ашық дереккөз
Аталған шаралардың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау

Жамбыл облысындағы №59 мекемеде Жаңа жыл мерекесіне орай спорттық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Жаңа жыл мерекесін атап өту аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралардың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың әлеуметтік-психологиялық ахуалын жақсарту.

 

Спорттық жарыстар бағдарламасына шағын футбол, арқан тарту, үстел теннисі және басқа да белсенді ойын түрлері енгізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өзара ұйымшылдық пен спорттық рух танытып, белсенділік көрсетті.

 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мекеме әкімшілігі тарапынан мадақтамалармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар сотталғандарды тәрбиелеу жұмыстарының бір бөлігі ретінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар