жұма, 22 қараша, 2024 4:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда өмірлік қиын жағдайда қалған жандар балаларын іздейді

Таразда өмірлік қиын жағдайда қалған жандар балаларын іздейді
Сурет: jambylinfo.kz
Жолдыкүл Манасова отыз жылдан бері көрмеген ұлын іздесе, Базарбай Алахметов 1993 жылы туған қызына іздеу салды

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы биыл 61 адамды қабылдаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл орталық үй-жайы, туған туыс, барар жері жоқ өмірдің қиын жағдайында қалған, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға 1999 жылдан бері көмек көрсетіп келеді.

Жалпы, орталық жыл басынан бүгінгі күнге дейін 23 адамның жеке куәлігін қалпына келтіріп берсе, 13 адамды жұмысқа орналастырған. Сонымен қатар, 5 адамды арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орындарына орналастырылған.

Биыл орталыққа 61 адам қабылданған. Қазір орталықта 102 адам бар. Олардың ішінде 13 азамат қамаудан шыққандар. 

Орталықтағы адамдардың бірі Жолдыкүл Манасова ұлы Есболды іздеп jambylinfo.kz редакциясына хабарласты. Жолдыкүл Манасова16 жасында тұрмысқа шығып, Есболды дүниеге әкелген. Алайда, жолдасымен жараспай, ажырасқан сәтте, ұлын сол шаңыраққа тастап кеткен. Одан бері 30 жылдан аса уақыт өтіпті. Жалғыз ұлын құшағына алуды арман еткен ана бүгінде Есболдың қайда жүргенінен хабарсыз.

Ал 1960 жылы 16 желтоқсанда туған Базарбай Алахметов 1993-ші жылы дүниеге келген қызы Оразова Әйгерім Базарбайқызын іздейді. Қызы Әйгерімнің анасы, бұрынғы жұбайы Ғазиза Ыбыраева дүниеден өтіп кеткен. Базарбай Жолдыбайұлының естуінше, Әйгерім Меркі ауданында әлдебір балабақшада тәрбиеші қызметін атқарады. 1999 жылы қызы Әйгерімді соңғы рет көрген әке, қызынан кешірім сұрап, құшағына бассам дейді.

Арманы адастырған екі жанның да қолында балаларының фотосы жоқ. Тек ертерек құшағына басып, мейірім төккісі келеді.

Авторы: Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар