Жамбыл жаңалықтар
Таразда «Мобильді кітапхана» тақтасы ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 наурыз, 2025
- 258

Әдеби орын зағип жандарға арналған орталықтарға орнатылуда
Таразда тұңғыш рет «Мобильді кітапхана» тақтасы ашылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28 қаңтарда ратификациялаған Марракеш шарты аясында жүзеге асырылған. Әдеби тақтаны орналастыру жұмысы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында қолға алынып отыр.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Алшынбаева жоба туралы ақпарат беріп, оның мүмкіндіктерін таныстырды.
50 мобильді кітап қазақ және орыс тілдердегі шығармалар жинағы кітапхананың арнайы аудиостудиосында жазылып, мобильді тақтаға QR – кодтар арқылы еңгізілген.
Келесі мақала