дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 1:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 200 миллион АҚШ долларын құрамақ

Өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 200 миллион АҚШ долларын құрамақ
kyzylorda-news.kz
Соңғы жылдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң көрсеткіштер қалыптасып келеді.

Мәселен 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 1 907,2 миллиард теңгені құраса, өткен жылдың есепті кезеңінде бұл бағыттағы өсім 2 226 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ал биылғы жылы қаңтар-ақпандағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,5 пайыз деңгейінде қалыптасып отыр. Бұл өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілген. Оның ішінде өнеркәсіп – 121,6 пайызды, ауыл шаруашылығы – 101,5; құрылыс – 113,7; көлік – 105,2; сауда – 101,9: байланыс – 104,2 пайызды құраған.


Облыс экономикасындағы негізгі үлес өнеркәсіп өндірісіне тиесілі. Ондағы өңдеу өнеркәсібі секторының үлесі – 65,4 пайызды құрайды. Яғни, өңірде 891 кәсіпорында 46 мың тұрғын жұмыс істейді. Өткен жылы аталған салада 727,8 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, —дейді Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева. 


Айта кетсек,  биыл облыста инвестиция тарту есебінен өнеркәсіп өнімі көлемінің 7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі өнімі - 5,5 пайызға өсуін қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібі экспорты көлемін 200 миллион АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар