Алдағы үш жылда 6,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- авторАрайлы Жақсылық
- 20 наурыз, 2025
- 183

Мәселен аймақта шағын және орта бизнесті дамытуға 16,6 миллиард теңге бюджет қаражаты бөлінген. Өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1 триллион теңгеге жетіп, жұмыспен қамтылғандар саны 166,3 мың адамды құраған. 31 миллиард теңгеге 1152 жоба қаржыландырылған.
Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен (екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары) 38,6 мың кәсіпкерге 154,5 миллиард теңге несие берілді. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъктілерімен шығарылған өнім көлемі 23,9%-ға артты (596,0 млрд.теңге), — дейді Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев.
Жыл басынан 149,7 миллиард теңгеге 21 жоба іске қосылып, 700 жұмыс орны құрылды. 370,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ал 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 6,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 80 жобадан тұрады. Құны - 3,3 триллион теңгені құрайды.