бейсенбі, 10 сәуір, 2025 10:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда полицейлер мен еріктілер есірткі сілтемелерін жойып жатыр

Таразда полицейлер мен еріктілер есірткі сілтемелерін жойып жатыр
Фото - ашық дереккөз
Акцияға қатысушылар күні бойы мөлтекаудандарды аралады

Жамбыл облысының  ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Amanat" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар ұйымымен, еріктілермен бірлесіп өткізілген кезекті іс- шара барысында Тараздағы ғимараттар қабырғасындағы  есірткі заттарын сатуды насихаттайтын  граффити жазбаларды  жойды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Акцияға қатысушылар күні бойы мөлтек  аудандарды, жеке секторды тексерумен қамтыды. Граффити жазулар ғимараттардың қабырғаларына, қоршауларға және көлік  гараждарына жазылған. Еріктілер мен полицейлер оларды жуып кетіріп  немесе бояу жағуда.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері  алдағы уақытта  есірткі жарнамаларын немесе оны жарнамалап жазба қалдыратын тұлғаларды бірден анықтау  үшін сауда нүктелерінің иелерімен түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Барлығы 50-ден астам граффити жазулар жойылды.

Полиция қызметкерлері барлық тұрғындарды қырағы болуға және есірткіні насихаттайтын граффити немесе оны қолданумен айналысатын адамдар анықталған жағдайда кідіртпей 102  жедел арнасына немесе "Narko ShekteuTaraz"Telegram-ботына хабарлау қажеттігін ескертеді.

 Граффити жазуларды  жазғаны және компьютерлік желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК 299-1-бабы бойынша 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар, есірткі құралдарымен бетбелгілерді орналастыратын адамдар есірткі құралдарын сатқаны  үшін де жауапкершілікке тартылады.  Жыл басынан бері Жамбыл облысында полицейлер  осыған қатысты 5  адамды ұстады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар