
Енді бұл аудандарда жұмыс күні әдеттегіден өзге уақытта басталады
Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданындағы мемлекеттік мекемелер қаңтар айынан бастап жұмысты бір сағат ерте бастауға көшті. Осы уақыт кестесіне бүгіннен бастап Үлкен-Нарын мен Марқакөл аудандары да қосылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді мемлекеттік мекемелер 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 12:00-13:30 аралығында.
Бұл 3 аудан елдің ең шығысында. Яғни таң ерте атып, қараңғы да тез түседі. Сондықтан тұрғындар күндізгі уақытты тиімді пайдаланады. Қазір бұл 3 ауданда 40 мекеме жаңа тәртіпке көшті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Жаңалықтар
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025