Тұман, көктайғақ, жел: Сейсенбі күнгі ауа райы қандай болады?
- авторjambylinfo.kz
- 25 ақпан, 2025
- 190

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, Ұлытау мен Қызылордада қар аралас жаңбыр күтіледі, ал Түркістан облысының оңтүстігінде нөсер жауын жауады. Батыс өңірлерде де күн жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады.
Астана – Күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндізгі температура 0,+2°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматы – Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +13+15°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Шымкент – Күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз +11+13°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ауа райына сай киініп, сақтық шараларын ұмытпаңыз!
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз