Таразда Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 20 қыркүйек, 2024
- 469
Таразда Ақын, сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған «Анамның тілі – қуатым менің» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен Шона Смаханұлының шығармалары арқылы өлке тарихын, айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау мақсатында Ы.Дүкенұлы атындағы «Мәдениет» үйінде облыстық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Айтысқа Тараз қаласы және Жамбыл облысының аудандарынан келген 8 айтыскер оқушылар қатысты. Айтыс жұптары жас ерекшеліктерін мен тәжірибелерін ескере отырып, құрылды.
Айтыс барысында қазылар алқасы айтыскерлердің орындаушылық шеберліктеріне, сахна мәдениетіне, тіл байлығына, тақырыпты дұрыс аша білуіне және қарсыласқа жауап беру шеберліктеріне қарай бағалады.
Қазылар алқаларының шешімі бойынша финалға оза жапқан 2 жұп іріктеліп, республикалық «Қола домбыра» айтысына жолдама алу үшін тартысты. Осылайша қара қалды қақ жарған қазылардың шешімімен бас жүлде Инжу Жаңабайға берілді. Ал, екінші орын Боранбай Нұрайымға бұйырса, екінші орынға Александр Жомарт жайғасты. Сонымен қатар Қамбар Жанерке үшінші орынды еншіледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024