сейсенбі, 14 мамыр, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда тұңғыш рет «Кazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі басталды

Таразда тұңғыш рет «Кazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі басталды
Сурет: jambylinfo.kz
Халықаралық форум-көрменің ашылу салтанатына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Түркі мемлекеттерді ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, Түркия Республикасы Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы вице-министрі Гизлигидер Эбубекир қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Шара аясында ECOSA тұқымдарының 8-ші конгресінің делегация басшыларының қатысуымен лента қию рәсімі болды. Делегация мүшелері мен қонақтар «Көне Тараз» кешеніндегі көрме павильондарын және асыл тұқымды мал көрмесін аралап, танысты. Шара аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-ші кеңесі ұйымдастырылмақ. 

Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр. Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады деген жоспар бар.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар