Тараздағы ауыл шаруашылығы форумына Түркиядан жүзден аса делегат келді
- авторИндира Тәліпқызы
- 20 наурыз, 2024
- 609
"Біздің күшіміз бірлікте. Сондықтан, арадағы кейбір мәселелерді шешіп, алдағы уақытта тек қоян -қолтық жұмыс істеуіміз қажет. Тек қана ауыл шаруашылығында ғана емес, саясатта, білімде мәдениет саласында табысты жұмыс істейміз деп сенім білдіремін. Сөзімді Қожа Ахмет Яссауйдің шәкірті Қажыбек Тәшкелидің "бір боламыз, бірлігіміз мықты болсын!" деген сөзімен аяқтаймын",-деді Гизлигидер Эбубекир.
Сонымен қатар, Түркия Респуликасы Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы вице-министрі Гизлигидер Эбубекир Қазақстанға Түркиядан 100-ден аса делегат келгенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында өтіп жатқан форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері, ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және 70-ден астам компания қатысуын растадыелдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр.