Шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі – Айдарбек Сапаров
- авторИндира Тәліпқызы
- 20 наурыз, 2024
- 570
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөліп келеді. 7 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында 5 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімін 2 есе арттыруға тапсырма берді. Соның негізінде шаруаларға жеңілдетілген кредит беріледі», - деді Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ, өз сөзінде министр Таразда алғаш рет өтіп жатқан «KazАgroZhambyl-2024» ауыл шаруашлығы саласының дамуына зор үлес қосатынын, алдағы уақытта да мұнда форум-көрмелер көптеп ұйымдастырылу керегін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында өтіп жатқан форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері, ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және 70-ден астам компания қатысуын растадыелдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр.