жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болады деп сенемін – Айдарбек Сапаров

Биыл ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болады деп сенемін – Айдарбек Сапаров
Сурет: jambylinfo.kz
Таразда «KazАgroZhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесінің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров былтырғы жыл ауыл шарушылығы саласы үшін қиын болғанын тілге тиек етіп, биыл жыл табысты болатынына сенім білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, былтыр ауыл шарушылығы саласы үшін ауыр жыл болды. Сондықтан биыл табысты, берекелі жыл болсын деп тілеймін. Таразда алғаш рет өтіп жатқан «KazАgroZhambyl-2024» форумы ауыл шаруашылығы саласында көп мәселені шешеді деп сенемін. Мұндай көрме-форумдар көптеп өтуі тиіс. Осы жерден көрмеге келгендер шаруалар өздеріне керекті тұқымды, техниканы тауып, тиімді келісім жасауға да зор мүмкіндік»- деді министр.

Қазір форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және 70-ден астам компанияларының өкілдері қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда басталған «KazАgroZhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі ертең өз жұмысын қортындылайды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар