сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 5:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді - Ербол Қарашөкеев

«KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді - Ербол Қарашөкеев
Сурет: jambylinfo.kz
«KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына имульс береді. Бұл туралы Тараз қаласында алғаш рет өтіп жатқан «KazАgroZhambyl-2024» көрме-форумының ашылу салтанатында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Жамбыл облысы -  көп салалы аграрлық аймақ болып саналады. Облыс тұрғындарының 60 пайызы ауылда тұрады, басты кәсібі де ауыл шаруашылығы саласы. Сондықтан «KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына имульс береді деп ойлаймын. Себебі, бұл форум аясында тұқым шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ең өзекті мәселелер талқыланады. Бұл форумға алыс-жақын шетелден кәсіпкерлер, инвесторлар келді. Біз бұл азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайынбыз», - облыс әкімі.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев бұл форум аймақтағы шаруалардың жұмысын ширатып, өзара бәсекелестікті арттыратынына сенім білдірді.  

Естеріңізге сала кетейік, «KazАgroZhambyl-2024» форумына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр. Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады деп күтілуде.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар