сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 16:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы көшелердің біріне тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді

Тараздағы көшелердің біріне тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді
Фото: Жамбыл облыстық ӨКҚ
Ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның атын ұлықтау туралы бастама қоғам белсенділері тарапынан бірнеше жыл бойы көтеріліп, нәтижесінде оң шешімін тапты.

Тараз қаласында көшелердің біріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, белгілі суретші Шәкен Ниязбековтің есімі берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді қаланың бір бөлігі ресми түрде Мемлекеттік Тудың авторының атымен аталады. Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары ұсынылған 1200-ден астам нұсқаның ішінен Шәкен Ниязбеков әзірлеген ту үлгісі үздік деп танылып, бүгінде 33 жылдан бері Қазақстанның басты мемлекеттік рәмізі ретінде қолданылып келеді.

Сонымен қатар, таяу уақытта суретшінің есімі қаладағы мектеп-гимназиялардың біріне берілмек. Қазіргі таңда аталған білім ордасының ең көрнекті әрі құрметті орнына Шәкен Ниязбековке арналған ескерткіш мүсін орнатылған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар