Тараздағы пәтерлерге қазанның 15-нен бастап жылу беріле бастайды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қазан, 2024
- 207
Ағымдағы жылдың 15-19 қазан аралығында екінші кезең бойынша «Таразэнергоорталық» АҚ 1042 көппәтерлі тұрғын үйді орталық жылуға қосады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 қазандағы №51-Ө өкіміне сәйкес, жылу беру маусымының бірінші кезеңі бойынша 7 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу берілді.
Ағымдағы жылдың 15-19 қазан аралығында екінші кезең бойынша «Таразэнергоорталық» АҚ 1042 көппәтерлі тұрғын үйді орталық жылуға қосады.
Жылыту маусымының басталуына байланысты пәтер иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестіктері, қарапайым серіктестікке (әрі қарай – ПИK, МИБ, ҚС) қарайтын тұрғын үйлерде жылу желісін уақытылы қосуға алдын ала дайындық жүргізілуі керек.
Еске салайық, жылу желілері арқылы тұрғын үйлердің кіре берісіне дейін жылу жеткізіліп, элеваторлық тораптар іске қосылады.
Бұдан әрі ПИK, МИБ, ҚС білікті мамандары үй ішіндегі жүйені іске қосады, әрбір үйге тарайтын желілерді реттейді (құбырлар мен радиаторлардың ауасын шығару және т.б.).
Аталған бірлестіктерге кірмейтін үй тұрғындары жылу желісі мен радиаторлардағы ауаны өз бетінше шығарады.
📌Анықтама үшін: «Таразтрансэнерго» МКК тәулік бойы диспетчерлік қызметі 34-37-28 жұмыс істейді.