Елімізде
"Полиция «Хутор» бандасын күзетіп жүр»: журналист Асхат Ниязов оқиға орнынан хабар таратты
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қазан, 2024
- 353
Журналист желідегі парақшасына видео жариялаған
Асхат Ниязов Талғар ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылына арнайы барған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Видеодан Асхат Ниязовтың талғарлықтардың айту бойынша «Хутор» бандасы аталып кеткен қаскөйлер тұратын үйдің маңында жүргенін көруге болады.
«Біз жаңа ғана көліктің ішінде 3 полиция қызметкері отырғанын көрдік. Сұрағымыз бар еді. Бірақ олар бізді көре сала қашып кетті», - дейді журналист.
Асхат Ниязов полиция қызметкерлері «Хутор» бандасын не себепті қорғап жүргенін айтып, бұл сұраққа жауапты Алматы облыстық полиция департаменті жауап беруі тиіс екенін жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың өліміне «Хутор» бандасының қатысы бар деген ақпарат тараған. Алайда жергілікті Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Келесі мақала
Мейрамбек Бесбаев неге жылады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Қар мен жаңбыр, боран». Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024