Жамбыл обылысы бойынша ҚАЖД 58 мекемесінің қызметкерлері қыстық киім үлгісіне көшті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 қазан, 2024
- 457
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінің жеке құрамы қысқы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Саптық байқауды мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Айбек Ниязымбетов жүргізді.
Мекеме бастығының орынбасары А. Ниязымбетов қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ қызметкерлердің қысқы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру.
– Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуге тиіс.