Тараздағы түзеу мекемесінде мереке атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 наурыз, 2025
- 483

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Руслан Нұрланұлы Жапаров әйел қызметкерлерге жылы лебізін білдіріп, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
– Құрметті арулар, сіздерді көктемнің жарқын мерекесімен құттықтаймын! Сіздер қоғам тыныштығын сақтауда елеулі үлес қосып, күрделі салада табандылық танытып келесіздер. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Осы ретте, сіздердің қызметтеріңізге алғыс айта отырып, мықты денсаулық, отбасылық береке және кәсіби жетістіктер тілеймін, – деді мекеме басшысы.
Мерекелік шара барысында қызметтегі қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, оларға Алғыс хаттар, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Осылайша, нәзік жандылардың еңбегі еленіп, олардың қызметіне лайықты құрмет білдірілді.