сенбі, 22 наурыз, 2025 0:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

Әйелдер қауымына құрмет көрсетілді
Фото - ашық дереккөз
8-наурыз халықаралық әйелдер күні

Көктемнің шуағын ала келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінің ұжымы аналарға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Осыған орай, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Руслан Нұрланұлы Жапаров мекеме қызметкері, әділет майоры Айгүл Әлімханқызы Абдыбаеваның асыл анасы Ұлбала Қалиеваны мерекемен арнайы құттықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

— Ана – өмірдің мәні, тіршіліктің тірегі. «Жұмақ – ананың табанының астында» деген қасиетті сөздің терең мағынасын біз әрдайым жадымызда ұстаймыз. Аналардың ақ батасы – біздің ең үлкен байлығымыз. Сондықтан аналарымызға деген құрмет ешқашан кемімек емес, – деді Руслан Жапаров өз құттықтауында.

Жылы сөз бен ақжарма тілектер кез келген жанның жүрегіне жылулық сыйлайды. Әсіресе, көктемнің алғашқы мерекесінде айтылған ізгі лебіздер аналардың мерейін өсіріп, қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Осы игі дәстүрдің аясында ҚАЖ қызметкерлері ардақты аналарға ерекше құрмет көрсетіп, өздерінің ризашылығын білдірді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар