сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 15:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев нәзікжандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев нәзікжандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Ақорда
Өз құттықтауында Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдағы рөлін атап өтіп, қыз баланың ұлт тарихындағы бейнесіне тоқталды.

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтауын жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.

Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!, - деді Президент.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар