сенбі, 22 наурыз, 2025 2:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкент пен Мюнхен арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Шымкент пен Мюнхен арасында тікелей әуе рейсі ашылады
ашық дереккөз
27 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұл жолаушылар үшін Германияға тікелей жетудің қолжетімділігін арттырып, екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытуға ықпал етпек,- деп хабарлайды Jambylnfo.kz.

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Бұл жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Германия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады. Бұл екі ел арасындағы экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтып, Қазақстан азаматтары үшін Еуропаға сапар шегуді жеңілдете түседі.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстанның әуе тасымалы нарығындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ. Шымкент қаласы еліміздің үшінші мегаполисі ретінде дамып, оның халықаралық әуе қатынастары кеңеюде. Бұл бағыт Германияға ғана емес, Еуропаның басқа да қалаларына қосымша ұшу мүмкіндігін қарастыратын транзиттік сапарларға да жол ашады.

Әуе билеттерінің бағасы мен сатылымға шығатын күні туралы қосымша ақпарат SCAT әуе компаниясының ресми сайтында жарияланбақ.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар